"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Лидер интеллектуальная игра

09.08.2019


Көш басшы зияткерлер ойыны

 

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту;   қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

 

Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: ұяшықтар, түсті конверт, қима қағаздар, әріптер, презентация

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
(алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. әділқазылар алқасын сайлау. сайыстың мақсатымен таныстыру.)


1) «Танысу»
2) «Бәйге»

3) «Сөз ойла, тез ойла»

4) «Суретшілер»

5) «Өнерпаз болсаң арқалаң»

6) «Алты жұмбақ»

7) «Жекпе-жек» 
 

Армысыздар  құрметті қонақтар,  қатысушылар! Бүгінгі «Тіл білгірі» сайысын ашық сабақтар онкүндігіне орай  өткізгелі отырмын.

 

Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Қазақ елінде
Жұмбақ шешіп жарысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық сұрақтар,
Ертегілер, жұмбақ бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
 

  «Тіл білгірі» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймын.

 

Сәттілік тілеп, ойынды бастау

Қатысушылар екі қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады:

 

І айналымы «Танысу»

  4 немесе 5 ұпаймен бағаланады

(Әр топ өз топтың атауын және ұранның білу үшін, берілген қиылған қағаздан суретті дұрыс құрып, суреттін артында ұранды оқу.)

І топтың аты — «Тұлпар», ұраны: "Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар"

ІІ топтың аты — «Сұңқар», ұраны: "Ақылды баламыз, білімде алда боламыз"

(Әр оқушы өзін таныстырып өтеді)

 ІІ айналымы «Бәйге» (екі топтың қатысушылары түрлі түсті конверт таңдайды, таңдаған конверттегі сұрақтарға жауап береді) Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жалпы 10 сұрақ.

Тұлпар тобына:

1. Бір жылда неше ай бар? (12)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. ҚР - ның валютасы? ( теңге)
4. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
5. Жақын сөзінің антонимі (алыс)
6. Жалғаудың неше түрі бар? (4)
7. Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

8. Мұғалім сөзінің синонимдері.(оқытушы. ұстаз).
9. Туымыздың көгілдір түсі нені білдіреді? (ашық аспан)
10.. Абай Құнанбаев кім? (ақын)
 

Сұңқар тобына:

1. Бір жылда неше мезгіл бар, атап шығындар? (4,қыс,көктем,жаз,күз.)
2. Фонетика нені зерттейді? (дыбыстарды)
3. Қазақ әліпбиінде неше төл дыбыстары бар? (9)
4. Жалғаулардың түрлерін ата (көптік, жіктік, септік, тәуелдік)
5.. Жалқау сөзінің антонимі (еңбекқор)
6.. Қорқыт атаның музыкалық аспабы? (қобыз)
7.. Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)
8.. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

9. Республиканың мемлекет басшысы. (Президент)

10. Қазақтың тұңғыш педагогі (Ыбырай Алтынсарин)

ІІІ айналымы Сөз ойла, тез ойла (әр топқа әріптерден бір минуттың ішінде сөздерді құру орыс тіліндегі баламасымен бірге) 1 ұпаймен бағаланады

Қазақстан

(Астана, қазақ, аз, ақ, ас, зат, қаз, қазан, қан, нас, сан, сақ, тас )

 

ІV айналымы «Суретшілер»  (мұғалім оқып тұрған өлең жолдарының мағынасын суреттеу)

Мынау сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынауым жасыл қарындаш,
Мұнымен нуды бояймын.
Мынауым көк қарындаш
Мұнымен суды бояймын.

 

Салған суреттерін қорғау (не түсінді,не салды?)

V айналымы «Өнерпаз болсаң арқалан!» (оқушылар үй жұмысын ертегілерді көрсету) 4 немесе 5 ұпаймен бағаланады

Тұлпар тобы: "Бауырсақ" мультфильмді дыбыстандыру

Сұңқар тобы: "Үйшік" ертегіні қойылымды көрсету.

VІ айналымы «Алты жұмбақ» (оқушылар жұмбақтарды шешеді) 5 ұпамен бағаланады

1. Бір ұяда жеті жұмыртқа. (апта,неделя,week)

2. Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа. (піл,слон,elephant)

3. Адамға серік, күзетке берік. (ит,собака,dog)

4. Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.(тышқан,мышь,mouse)

5. Еш тесiкке тұрмайды,
   Ол жоқта жер құрғайды.. (су,вода,water)

6. Бір жабылып-ашылып, тұрады ылғи асығып. (есік,дверь,door)

 

 

 

 

 

 

VІІ айналымы «Жекпе-жек» (әр топтан бір оқушы шығады, берілген тақырыптар мен ұпайлар бойынша сұрақтарға жауап береді.) дұрыс жауапқа арнайы ұпай беріледі, қате болса сонша ұпай алып тастайды.

 

 

РЕТТІК САН ЕСІМДЕРДІҢ ЖҰРНАҚТАРЫН АТА

Фонетика нені зерттейді?

ЗАТ ЕСІМНІҢ ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ТАП

СҰРАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАРДЫ АТА

Омоним болатын сөз.

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫ ТАП

Қазақстан   Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

  Мемлекеттік елтаңбаның авторы кім?

Мемлекеттік тудың авторы кім?

 Ұлттық валюта нешінші жылы қабылданды?

  Қазақстан   Республикасының тәуелсіздігіне неше жыл?                                             

Әр топқа әділқазылар алқасы бағаларын қояды, жеңімпаздарды анықтайды.

 

«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» — дейді Г.Гегель.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І топ — «Тұлпар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ топ— «Сұңқар»

 

 

 

 

 

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст