«Ақынның
заты өлгенмен, аты өлмейді»
атты шығармашылық
кеш
Мақсаты:
Жазушы
шығармалары арқылы әр оқушының өзіндік
ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой
түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау
дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ақын бейнесі арқылы
оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға
шақыру.
Мұғалім: Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны,
мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін
мәртебесі биік ақиық ақын.
Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек
(бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған
күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні
ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай
деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын.
Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт
кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали
Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған
күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда
дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына
байланысты өзі жаздырып алған екен».
Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым
шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған,
оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте
көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша
үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі
Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен
қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің
аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза
табады.
Білім диск «Мұқағалидің шығармашылығы» 9 сынып
Мұғалім: Поэзиядағы алғашқы
қадамдары
Ақынның тұңғыш өлеңдері "Қырман басында”, "Қойшы
бала — Әкітай” ауданындағы "Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949).
"Інімнің ойы”, «Үш бақытым», "Шебер” өлеңдері "Жастық жыры” атты
жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев:
"Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола
ма?!” деген еді
Назира «Үш бақытым»,
Жанна: Хронология
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында",
"Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп,
көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады,
осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында
жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.
Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің
филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем
әдебиеті институтында білім алады.
Ролик іздедім
Карина:Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен,
"Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, "Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи,
"Құдіретті комедиясының” "Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы ["Ильич”
(1964), "Армысыңдар, достар” (1966), "Қарлығашым, келдің бе?” (1968),
"Мавр” (1970), "Дариға-жүрек” (1972), "Аққулар ұйықтағанда”
(1974), "Шуағым менің” (1975), "Өмірдастан” (1976)] жарық көрді.
У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян,
Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М.
Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері "Зов души” деген атпен орыс тілінде
басылып шықты
Білім диск 8 сынып қ/ә «Аққулар
ұйықтағанда»
Анна: Мукагали
Макатаев (1931-1976), выдающийся казахский поэт, чьё поэтическое отношение к
миру основано на стремлении к истине бытия, к слиянию и гармонии с природой,
где слово и бытие сходятся воедино и вещают о сокровенных истоках казахской
духовной культуры.
Художественный перевод на русский язык избранных
поэтических произведений М. Макатаева, вошедших в настоящий сборник, осуществил
казахстанский поэт-переводчик Жанат Баймухаметов, известный своими переводами
западноевропейской поэзии. Пытаясь высказать на русском языке почти то же
самое, что было сказано на языке оригинала, своими переводами поэтических
творений Макатаева он представил возможность русскоязычному читателю
почувствовать третью рифму казахского стиха, очаровательную прелесть и глубину
поэзии Макатаева.
Настоящее издание посвящается памяти Мукагали
Макатаеву.
Руслан «Тропа»
Есть возле дома моего тропа одна,
Задача выйти на неё весьма трудна.
Тропинку окружают заросли густые,
Зигзаги мозга, сердца моего она.
На фронт по этой тропке шёл отец мой милый,
По ней же бабушку свою нёс на могилу.
По ней дитя скоропостижно проводил,
Всем, кто оставил след здесь, памятник воздвиг
я.
«В степи дорог так много, ям у придорожья,
В горах не заблудись, сынок, будь осторожен», -
По тропке проводив меня, сказала мать,
Дороги – что морщины на иссохшей коже.
Хожу по этой тропке падая, вставая,
Ищу дорогу, вновь ищу не уставая.
В местах чудесных, ярких много так дорог,
Споткнувшись, падаю, и страстно вновь
шагаю.
Алена «Юность»
Что юность мне дала, какой в ней прок?
Она дала строптивости урок.
Она дала огонь животворящий,
Она дала мне меч врагов разящий.
С поэзии меня связала словом,
Меня к вершине выслала суровой.
Она меня отбила, закалила,
Прекрасной жизни правду разъяснила.
Не зря она прошла, доволен ею,
Пока в моем саду она всё зреет.
Мне молодость дала рассудок, разум,
Что делать с ней, пусть не уходит разом.
Мұғалім:Поэмалары:
Мұқағалидің "Ильич”, "Ақ қайың әні”, "Ару-ана”, "Мавр”,
"Аққулар ұйықтағанда”, "Қырандастар, қош болыңдар”, "Чили-шуағым
менің”, "Шекарада”, "Большевиктер”, "Өмірдастан”, "Арман”,
"Шолпан”, "Досыма хат”, "Алтай-Атырау”, "Отаным, саған
айтам”, "Райымбек! Райымбек!”, "Қашқын”, "Жер үстінен репортаж”,
"Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық
өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік,
туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған
"Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше
туынды.
Жанна Ақ қайың
Мұғалім:Ақынның заты өлгенмен, аты
өлмейді
Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын
көзінің тірісінде жарыққа шығарды ("Мавр”, "Дариға-жүрек”,
"Аққулар ұйықтағанда”, "Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдында
"Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.
Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын
зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова "Мұқағалидың ақындық
мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев "Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл
білімінде З.Қазанбаева "М. Мақатаев лирикасының грамматикалық
ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала,
естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған.
Ролик «Бақыт деген»
Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы
Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік
сыйлық (1999), "Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында
ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және
сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне
Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Қоразбаев, Т.Рахимов,
М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән
жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма
авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды.
Ән «Есіңе мені алғайсың»
М.Мақатаев - қазақ
тарихындағы ең оқырманы
көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең
алдымен ақын, қазақ жырының
құдіреті.
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА
Өлең Карина «Айналайын осы ауылдың адамдары-ай»