"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік күні

28.12.2017

Әдебиет

Сыныптар: 3-4 «А»

Кабинет: №1

 06.12.17ж

Сабақтың атауы

3 сынып.

«Тәуелсіздік

күні»   Қ.Әлімқұлов

4 сынып

Тәуелсіздік

монументі.  Ш.Сариев.

Сілтеме

1.Әдістемелік құрал 2014 жыл

3-4 сыныптарға арналған әдебиеттік оқу

оқулығы

Авторлары : Б.А.Тұрғанбаева, З. Мүфтибекова

Ғаламтор  материалдары

Сабақтың жабдығы

нақыл сөздер, рәміздер, Тәуелсіздік

монументінің суреттері, плакаттар,

сөзжұмбақ, карточкалар, слайддық материал

Жалпы мақсаттар

1.Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктері

кеңейе түседі. Мемлекеттік рәміздердің құндылықтары мен оған деген құрметті

сезінеді. Отан алдындағы, тарих алдындағы, болашақ алдындағы ақтар борышы мен

міндеті екенін ұғынады. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік

жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша танысады.

 

2. Ақынның жан дүниесі мен туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем

сөзбен жеткізу тілін ұғынулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтары,

сөздік қорлары дамиды.

3.Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиеленеді.

Оқыту  нәтижесі

Күтілетін

нәтиже

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім

алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік

тиімділігі артады, Отанға деген патриоттық сезім қалыптасады.

Сабақтың

түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік,

ой қозғау, «түртіп алу» стратегиясы.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мұғалім: —

Екікөзің не үшінкерек ?

Оқушы:  

— Жақсылардыкөруүшін.

Мұғалім: —

Екіқұлақ не үшінкерек ?

Оқушы:  

— Ақыл-кеңестыңдауүшін.

Мұғалім: —

Екіқолың не үшінкерек ?

Оқушы:  

— Елгекөмек беру үшін.

Мұғалім: —

Екіаяғың не үшінкерек ?

Оқушы:  

— Шеттежүрсең, туғанжергежетуүшін.

-Олайболса,

мен сіздердіңдендеріңізгесаулықтілеймін!(тілек)

Үй тапсырмасын сұрау

Ойын «Ыстық

картоп»

Шарты: балаларға ыстық картопты лақтыру арқылы сұрақтарға жауап алынады.

 - Әңгіме кім туралы?

(Әлтай)

- Сәттіғұл нені білді? (Әлтайдың түнде нан жейтінін)

-Балалардың қайсысы қолғатүсті? (Әлтай)

- Сәттіғұл не деп айғай салды? (Палундра)

- Интернат дегеніміз не?

- Балалар қандай оқиғадан кейін тәтті ұйқыға кетеді?

- осы мәтінде «Нан» деген сөз нені білдіреді?

- Балалардың түстері.

- «Жаңа жылдық жаңаша түс» тақырыбына мәтін құрастыру.

 Карточкамен

жұмыс

Сөйлемдерді толықтыр:

Атақты әнші _____________ домбыраны қолына ________

жасында алған екен.  Жүсіпбекті алғаш

ән айтуға баулыған адам – ағасы - ________________. 1912 жылы _____________жасар

Жүсіпбек атақты әнші ________________ алдында ән шырқап, батасын алады.

Жүсіпбектің 

қамқоршы ұстаздары: ____________________.

Жүсіпбектің мұғалімдер еркелетіп қойға аты: _________________.

Жүсіпбек қандай жағдайдан кейін Әміренің

қасынан шықпады? (ауызша талда)

Қызығушылықты

ояту

Оқушыларға «16 желтоқсан» бейне фильмінен

үзінді көрсетіледі.

Талдау:

-Балалар, бейне баян не туралы болды?

-Бұл қай мерекемен байланысты?

-Бұл мерекенің басқа мерекелерден

айырмашылығы не?

-Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз.

Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.                Қазақ елі еркіндікке жету

үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы

бар.Қазақстан тәуелсіздік алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі

сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан

тәуелсіздігін талап етті.Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу тапсырылады.

-Екі өлеңдеде авторлар қандай тақырыпты

қозғаған?

- Бұл мерекенің басқа мерекеден қандай

айырмашылығы бар еді?

(әр сыныптан бір балаларға өлеңді мәнерлеп,

нақышына келтіріп оқытамын).

Өлеңде тәуелсіздік ұғымын тағы қай сөзден

байқадың?

Өлеңді оқу барысында «Түртіп алу»

стратегиясы бойынша – өлең жолдарында ел және Алтын адам сөздеріне қандай «Топтастырулар»

берілгенін түртіп алып отыру.

 

Ел –

 

Алтын адам -

Сөздік жұмысы

Тағдыр

тауқыметі – басқа түскен қиыншылық

Монумент – үлкен ескерткіш

Сергіту сәті

Мағынаны тану.

Болжау әдісі

Шығармашылық тапсырма. (әр бала қалауы бойынша 4 жолды өлең шығарады)

1-тақырып «Қазақстан Республикасының туы»

2-тақырып «Қазақстан Республикасының елтаңбасы»

3-тақырып «Отанымыздың басты мерекесі»

4-тақырып «Тәуелсіздік күні

Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы (15.4.1946 жылы туған,

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясы) - зерттеуші, ақын, сазгер. Қазалы

ауданы "Ленин туы" және Арал ауданы "Толқын" газеттерінде

қызмет атқарған, ҚазҰУ-ды бітірген (1971). 1970 - 74 жылдары "Қазақстан"

баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Әдебиет

және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. "20 ғасырдың жиырмасыншы

жылдардағы поэзиясы" атты монография авторы. "Ғашықтар жыры",

"Боз-жорға" атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Алғашқы жыр

жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі

аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. Сариев "Сәлем

саған, туған ел", "Домбыра", "Қарағым-ай",

"Сарыарқа", "Аралдан ұшқан аққулар", "Атамекен-ай", "Аққу-сенім",

"Жер Ана", "Ән жүрегім туған ел", "Үкілі

домбыра", "Дос керек", "Бозжорға" атты бірнеше

ән-өлеңдердің авторы. 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері

жеке жинақ болып басылған. Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты

(2003), "Тарлан" сыйлығының иегері (2004).

Сабақты

қорытындылау

«Синквейн» әдісі бойынша «Қазақстан»

тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.

Үй тапсырмасы

Қайрат Әлімқұлотың «Тәуелсіздік алған күн»

жаттау

137- бет. Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап келу. Алтын

адам туралы дерек жинау

Қосымша тапсырма

Шағын

викториналық сұрақтар:

1. 

Қазақстан қандай ел?

2. 

Қазақстан тәуелсіздікті қай жылы алды?

3. Қ.Р-ның рәміздерін ата

4. Қ.Р-ның ұлттық валютасы қандай?

5. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

6. Қазақстан халқының саны қанша?

7. Қазақстан Республикасының тұңғыш

президенті кім?

Бағалау

 Оқушылар өздерінің бағалау карталары бойынша бағаларын

қорытады.

Просмотров: 529

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст