"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гимнастика айналу әдістері

15.04.2017

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

Сабақтын тақырыбы: Гимнастика айналу

әдістері

                                          Волейбол ойыны

Ұйымдастыру бөлімі 1.Сапқа

тұру.Рапорт беру. Сәлемдесу

2.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

3. «Оңға», «Солға» «Артқа» бұрылулар.

1.Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру,өкшемен жүру,аяқтың сыртымен жүру,

аяқтың ішімен жүру.Жылдам жүгіру.

2.Жеңіл жүгіру, тізені алға көтеріп жүгіру, аяқты артқа көтеріп жүгіру, аяқты

екі жанына қолмен ұрып жүгіру.

3.Екі

қол белде,аяқты алға түзу тастап жүгіру.

4.Екі қол белде жартылай отырып жүру.

5.Толық отырып жүру.

6.Сапта баяу жүру, жаттығулар жасау.

Б.Қ. қолды белге қойып,аяқтың арасын ашып иықтың деңгейінде қойып басты оңға

және солға айналдыру.

Б.Қ. қолдың ұшын иыққа қойып алға 4 рет,артқа 4 рет айналдыру.

Б.Қ. алдыға еңкейіп қолдың ұшын еденге жеткізу.

Б.Қ. бір дегенде қолды жоғары көтеріп,екі дегенде алдыға еңкейеміз, үш дегенде

отырамыз,төрт дегенде тұрамыз, н.т.

Қолды тізеге қойып ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдыру.

Ұлдар екпеттен жатып қолды бүгу,жазу

(20 рет)

Қыз балалар қолды алдыға қойып отырып тұру (20 рет)

Б.Қ. қол белде оң аяқпен 4 рет, сол аяқпен 4 рет,екі аяқпен 4 рет орында тұрып

жүру,тоқтау. 3 мин.

4-5 рет Бұрылулардың дұрыс

орындалуын қадағалау

Тізені бүкпей жүруін назарда ұстау.

Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.

Денені тік ұста, басты санақ бойынша айналдыру.

Тізені бүкпе.

Жаттығуды санақ бойынша бірдей орындау.

10 рет саусақта,10 рет алақанда.

Толық отырып тұр.

Мүмкіндігінше жоғары секіру.


Негізгі

бөлім 1.Волейбол ойыны ережесімен таныстыру

Арнайы жаттығулар жасау 25мин


Оқушыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып арақашықтық 5-6 метр,допты жоғарыдан

қабылдау әдістерін көрсетіп,ойыншылармен бірнеше рет қайталанады.

Арақашықтықтары 5-6 метр.

допты томеннен қабылдау әдістерін көрсетіп,ойыншылармен бірнеше рет

қайталанады.

Допты төменнен алуды ойыншы жоғарыдан берген допқа шығып үлгермегенде немесе

доп торға жақын түскенде, не оған тиіп алаңға түсіп келе жатқанда қолданылады.

Қысқартылған ережемен екі жақты пионербол ойыны.

Ойын допты қосумен басталады.Допты ойынға қосушы допты қарсы жаққа бағыттайды.

Волейбол ойыны доп сызықтан сыртқа шығып немесе жерге түсіріп алғанша

жалғасады.

5-6 рет

5-6 рет Допты дұрыс қабылдауын назарда ұстау.


Допты жұдырықпен, алақанмен қабылдауға болмайды.

Қателіктерді мұқият қадағалау.


Қорытынды

бөлім Сапқа тұрғызу..

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Сабақты аяқтау. 5мин .


Сабақта өтілген тақырыпты доппен,допсыз қайталау.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

Сабақтын тақырыбы: Акробатикалық

жаттығулар алға, артқа домалау және жауырынға тұру.

Сабақ міндеті: а) дене қызыметін үнемі арттыру

аясында денсаулықты нығайту.

ә) жеке тұлғаның үйлесімділігн дамыту.

б) адамгершілікке, ептілікке, батылдыққа тәрбиелеу.


Сабақ мақсаты: Акробатикалық

жаттығулар арқылы абайсызда құлау, жайсыз секіру,

кедергіден өту кезінде оқушылар өзін-өзі сақтандыра білу.


Сабаққа керек құралдар:

гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секундомер.

Сабақ өтілетін жер: спорт зал

р/с Сабақтың мазмұны Жүктеме

мөлшері Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлім 12'-14'

Оқушылардың денсаулығына,

спорттық киіміне көңіл бөлу.

1 Сапқа тұру.

Түзел! Тіктұр! Сәлемдесу, рапорт қабылдау. Жаңа сабақтын мазмұны мен мақсатын

түсіндіру. 1':30''

2 Саптық жаттығуларды орындау.

«Оңға», «Солға», «кері айнал», бір қатардан екі қатар сап түзе. т.б. 1':30''

Бұйрық жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау.

3 Жай жүгіріспен орындалатын жаттығулар.

- бір қалыпты жүгіспен.

- оң, сол қапталмен жүгіру.

- оң, сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.

- қолды шынтақтан бүгіп алақанға тізені тигізіп жүгіру.

- қол артта өкшені алақанға тигізіп жүгіру.

- спорттық жүріспен. 4'

20-30 м

20-30 м

20-30 м

20-30 м

20-30 м

20-30 м

Бір лекпен жүгіру

Тізені барынша жоғары көтеру

Денені тік ұстап жүгіру

4 Жалпы дамыту жаттығулары.

-Б.Қ аяқ иық көлемінде, қол белде, басты 1-2 солға, 3-4 оңға айналдыру.

-Б.Қ аяқ иық көлемінде қол иықта, шынтақты 1-2 алға, 3-4 артқа айналдыру.

- Б.Қ аяқ иық көлемінде, қол белде, белді 1-2 солға, 3-4 оңға қарай айналдыру.

-Б.Қ аяқ иық кендігінде,  1 қолды жоғары

көтеру, 2 еңкейіп қолды аяқтын ұшына тигізу, 3 қолды алға созып отыру, 4 - Б.Қ

келу.

-Б.Қ аяқ иық кендігінде, 1 қолды алға созып отырамыз ,2 Б.Қ келеміз. 7'

30 рет

Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындалуын қадағалау

Денені тік ұстау

Тізені бүкпей,белді айналдыру

Бірдеи отырып тұру

Негізгі бөлім 27'-28'

Алға домалау жаттығу жасаушы оқушы жиырылып отырады, бас екі тізенің арасына

қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші көмекші бала бір қолының алақанын оның

желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында

қауіпсіздендіруші қолымн жаттығушының желкесіне басып, басын төсенішке

тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп,денені бірден аударып түсіруге

көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше көмекшінің көмегінсіз жасап

үйрену.

Артқа қарай домалап түсуді үйренгенде жүйелілік барынша сақталған жөн. Артқа

домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа

тербетілу әдісімен басталады. Келесі кезен-жиырылып отырудан артқа домалап

түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп

тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары

секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу.


Жауырынға тұру бүгіліп отырған қалыптан артқа домалау және жауырынға тұру

акробатикалық құрама жаттығуын орындау техникасы. Домалап түсу жаттығуын

орындай отырып, бүгіліп отыру жағдайына тез келуге тырысу керек . Ол үшін

жауырынға домалап түсу кезінде жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру

мақсатында қолды белсенді қимылға көшіру керек; жауырынға тұруға әрекет ету

кезінде жауырынды гимнастикалық төсенішке қатты ұрып алудан сақтана отырып,

арқаны дөнгелете бүгіп барып, иыққа тұра қою қажет.


Қорытынды бөлім 4'

8 Сапқа тұру. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау. 3'

Оқушылардын денсаулығын бакылау.

9 Үйге тапсырма: Алға, артқа домалау және жауырынға тұру жаттығуларын қайталап

орындау. 1' ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������

 

 

 

 

 

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Волейбол. Допты астынан

қабылдау және беру тәсілдері

мақстатар:Білімділігі: Волейболдағы

ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлікті шыңдау.

Дамытушылығы: Ептілік, икемділік, шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Волейбол ойынының кең таралуына ықпал ету, адамгершілікке,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Құрал - жабдықтар: волейбол добы, ысқырық.

Ұйымдастыру әдісі: топтық

Сабақ барысы:

Кіріспе дайындық бөлімі /10 - 12 минут/

Сыныпты қабылдап алу.

Сапқа тұрғызу.

Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.

Сабақ алдында оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Бой жазу жаттығулары

1. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, аяқтың сыртымен және

ішімен жүру.

2. Жылдам жүгіру

3. Екі қолды белге қойып, аяқты алға түзу тастап жүгіру.

4. Екі қол белге қойып, жартылай отырып жүру.

5. Сапта баяу жүріп, бастапқы қалыпқа келу жаттығуларын /демді ішке алу,

шығару/ жасау.

Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың

спорт киіміне, тәртібіне бұйрықтың орындалуына назар аудару. Жаттығулардың

дұрыс жасалуын қадағалау

Негізгі бөлім /20 - 25 минут/

Волейбол ойынының ережесімен таныстыру.

Ойыншылардың ойын алаңында тұру тәртібі

Ойыншыларды қарама - қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты

төменнен қабылдау әдістерін көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет қайталату.

Еденге жақын келген допты астынан алу

Допты астынан қабылдау артқа беру

Қауіпті жағдайлардағы допты астынан алу

Допты астынан қабылдап, жанға қарай айналып кету

Қорытынды бөлім /5 минут/

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Сабақты қорытындылау Гимнастика.

Саптық жаттығулар

Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау:

Бір орында.

- Бір қатардан екі қатарға тұру.

- Екі қатардан бір қатарға тұру.

Жүрісте:

- Бір колоннадан ортадан екі колоннамен жүру.

- Бір колоннадан ортадан үш колоннамен жүру.

- Бір колоннадан ортадан төрт колоннамен жүру.

Содан соң екі, үш, төрт колоннадан бір колоннаға шығу.

Алға, артқа домалауды жетілдіру:

- Алға жинақталып домалау.

- Артқа жинақталып домалау.

- «Көпір» жасау

Қозғалмалы ойын. «Қашпа доп»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Гимнастика. Саптық жаттығулар

Сыныбы 3

Өткізілетін орны: Спортзал

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау. Алға, артқа

домалауды жетілдіру.

2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.

3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.

Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.


Сабақ барысы

1. Кіріспе бөлімі

Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:

Оңға, солға айналып бұрылу.

Жүру жаттығулары:

- аяқтың ұшымен қол жоғарыда.

- қол желкеде, өкшемен жүру.

- қол белде табанның сыртымен жүру.

- қол белде табанның ішімен жүру.

- отырып, жартылай отырып жүру.

Назар аудару жаттығулары:

- жүріс

- жүгіріс

Спорт жүрісі

Жүгіру жаттығулары:

- Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру.

- Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.

- Түзу аяқты жан – жаққа лақтырып жүгіру.

- Он жағымен жүгіру

- Сол жағымен жүгіру.

- Теріс қарап жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:

- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.

1 - 4 басты оң жаққа айналдыру.

1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.

- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.

1, 2 денені оң жаққа бұру.

3, 4 денені сол жаққа бұру.

- Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде.

1 - оң аяққа еңкею.

2 - ортаға еңкею.

3 – сол аяққа еңкею.

4 – Ж. Б.

- Ж. Б: Н. Т.

1 - 4: оң аяқта секіру.

1 - 4: сол аяқта секіру.

1 - 4: екі аяқта секіру.

2. Негізгі бөлім

Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау:

Бір орында.

- Бір қатардан екі қатарға тұру.

- Екі қатардан бір қатарға тұру.

Жүрісте:

- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.

- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.

- Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.

Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.

Алға, артқа домалауды жетілдіру:

- Алға жинақталып домалау.

- Артқа жинақталып домалау.

- «Көпір» жасау

Қозғалмалы ойын. «Қашпа доп»


3. Қорытынды бөлім

1. Сапқа тұрғызу.

2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.

3. Үйге тапсырма “ Саптық бұрылулар ”

4. Ұйымдастырып қайтару. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������


3. Оқушыларды бағалау

4. Үйге тапсырма беру ������� ������ ��� dle

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Эстафеталық жарыс


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды салауатты омир салтына уирету.

Дамытушылық: Ерік жігер қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке, икемділікке жылдамдыққа тәрбиелеу

Сабаққа керекті құралдар: ысқырық, секундомер, доп, фишка, скакалка, обращ,

тенис ракеткасы

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдерді: түсіндіру, көрсету.

Р/с Сабақтың мазмұны

Мөлшері

Әдіснамалық нұсқаулар

1 Дайындық бөлімі.

Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын

түсіндіру. Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Кері айнал»! жаттығуларын орындау.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:

1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.

2. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып

жүру, секіру.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

1. Спорттық жүріс

2. Жеңіл жүріс

3. Тізені көтере жүгіру

4. Өкшені көтере жүгіру

5. Оң қапталмен жүгіру

6. Сол қапталмен жүгіру

7. Тыныс алу жаттығулары

Жалпы дамыту жаттығулары:

Б. Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде.

Басты оңға - солға 4 реттен айналдыру.

2. Б. Қ. қол иықта, иықты алға - артқа 4 реттен айналдыру

3. Б. Қ. сол қол белде. оң қол жоғары 1 - 2 сол жаққа иілу

3 - 4 оң жаққа иілу

4. Б. Қ. қолды екі жаққа соза ұстап, алдыға 90°- қа иілу.

5. Б. Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде 1 - 4 белде оңға айналдыру.

1 - 4 белде солға айналдыру.

6. Негізгі тұрыс:

Қол белде сол аяқпен секіру.

Оң аяқпен секіру

Қос аяқпен секіру

10 - 12 минут

6 - рет

6 - рет

8 - 10 рет

4 рет

4 рет

4 рет Бір қатарға сапқа тұру. Оқушылардан спорттық киімдерін тексеру.

Бұйрықтын дұрыс орындалуын қадағалау.

Қолды бүкпей денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау.

Ара қашықтық сақтау.

Қолды айналдыру.

Тізені бүкпей, қолды аяқ ұшына жеткізу.

Қолды параллель ұстау, барынша керу.

Тізені бүкпеу, айналым кең.

2 Негізгі бөлім

1. Скакалкамен жүгіріп фишкадан айналып өту

2. Тенис таяқшасымен тенис добын алып жүру.

3. Баскетбол добын оң қолмен алып жүру.

4. Обращпен жүгіріп жүріп, тасу.

5. Кім алысқа секіреді? 25 - 28 минут Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3 Қорытынды бөлім.

1. Сапқа тұру.

2. Демалыс жаттығулары

3. Бағалау

4. Үйге тампсырма 3 - 5 минут Қолды жағ. Көтеріп төмен түсіру. Секіру

жаттығулары. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Спорт ойыны – волейбол

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды салауатты омир салтына уирету.

Дамытушылық: Ерік жігер қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке, икемділікке жылдамдыққа тәрбиелеу


І Негізгі бөлім:

Өтілетін орны: спортзал .

Спорттық құрал-жабдықтар: волейбол торы , доп, ысқырық

Сабақтың өтілу барысы.

 

Уақыт мөлшері. Әдістемелік нұсқаулар.

 

2.Дайындық бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Кезекшінің баяндамасы.

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Сабақтың барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды

ескерту.

Саптық

жаттығулар.

Оңға,

солға, кері бұрылу. Алға жүру.

-аяқтың

ұшымен жүру

 

Ережеге

сай екі жақты ойын өрнегін құру үшін алаңдағы ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы

бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына орналасады.

Қарсылысынан екі ұпай артықшылықпен 25 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Тордың ені 1 м, ұзындығы 9,5 м .

Тордың биіктігі - 2 м, 20 см. Доптың салмағы 260- 280 гр. Ойын шарты

жаттығуларды дұрыс орындауы тиіс.

Ойын

кезінде үйренген жаттығуларды қайталау. Допты төменнен ойынға қосу, допты

жоғарыдан ойынға қосу.

Допты

төменнен қабылдау, жоғарыдан қабылдау, допты құлап барып алу. Шабуылға шығу,

тосқауыл қою, екінші зонадан шабуылға шығу. Допты жоғарыдан екі қолмен артқа

құлап алу. Ойын кезінде осы жаттығуларды оқушылар орындауы тиіс.

30

мин

 

Ойын

барысын қадағалау.

 

Жаттығулардың

бір қалыпты орындалуын ұйымдастыру.

 

Ойын

,

кезінде

қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

ІІІ Қорытынды

бөлім.

Оқушыларды

сапқа тұрғызу. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыны мадақтау.Жіберген қателіктерін

айту. Ынтасыз оқушыға ескерту.

Оқушыларды

бағалау.

Бой

жазу жаттығулары.

5

мин Қателіктерін дұрыстау. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Дала жарысы, 2км (қыз), 3км (ер) жүгіру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілік, ақыл-ой,

эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу, денсаулықты нығайту, ағзаның барлық

жүйесін дұрыс және өз уақытында дамыту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды салауатты омир салтына уирету.

Дамытушылық: Ерік жігер қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке, икемділікке жылдамдыққа тәрбиелеу

 

Бөлімі         Сабақтың

мазмұны        Реттік көрсеткіш  Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе 10 мин    

Сапқа тұрғызу кезекші ақпар беру, сәлемдесу, сабақтың

тақырыбын түсіндіру.

 

Саптағы жаттығулар

1. Оңға 1:2, солға 1:2, Кері бұрыл 1:2.

 

Алаңды айнала жүру, қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен,

өкшемен, ішкі, сыртқы қырларымен жүру, жартылай және толық отырып жүреміз.

 

Тізені жоғары көтеріп жүгіру, артқа сермей жүгіру аяқты

сермей жүгіру сияқты сермей қайшылап жүгіру, дем алу және шығару.

Жалпы дене әзірлігі жаттығулары

1.       Б.Қ-аяқ иық

көлемінде қол белде мойынды қыздырамыз 1-4 оңға 5-8 солға.

2.       Б.Қ-аяқ иық

көлемінде қолды жоғары көтереміз 1-4 алға, 5-8 артқа

3.       Б.Қ-аяқ иық

деңгейінде белді қыздырамыз 1-4 солға 5-8 оңға

4.       Б.Қ-аяқ

ашық қол санақ 1-2 оң аяққа отыру санақ 3-4 сол аяққа отыру

 

 

Оқушылардың спорттық киімдеріне мән беру.

Команданы

толық орындаймыз, кеудені тік ұстаймыз.

Тепе-теңдік

сақтап жүреміз. Ара –қашықтық сақтап жүреміз.

Ара

қашықтық сақтап жаттығуларды толық орындау.

Көзді

жұмбай жасаймыз.

Денені

тік ұстау қолдың буынын бүктеу.

Барынша

белді иіп жасаймыз.

Толық

отыру санақ бойынша.

 

 

 

 

 

 

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Сабақтың тақырыбы: Допты тура алып жүру әдісі

Сабақтың

мақсаты:

1.

Білімділік – ойынның арнайы жаттығуларымен таныстыру, допты беру, қабылдау

әдісін жетілдіру, допты ойынға қосу әдісін пысықтау.

2.

Дамытушылық – жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту.

3.

Тәрбиелік – ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың

түрі: Спорттық ойын Баскетбол.

Құрал-жабдықтар:

Баскетбол добы, ысқырық, секундомер.

Сабақтың

өтетін орны: Спорт зал.

Сабақтың

бөлімі  Сабақтың мазмұны        Жүктеме мөлшері          Әдістемелік нұсқаулар

І        Дайындық бөлімі

Сапқа

тұру кезекшінің баяндауы, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатын

түсіндіру.

Жалпы

дамыту жаттығулары: спорт алаңын айналып жайлап жүру, жүгіру, екі қолды алға

ұстап тізені биік көтеріп жүгіру, артпен жүгіру, алдымен жүгіру.

Бір

орыннан және қозғалып жасалатын жаттығулар:

1)       Н.т-екі қолды төмен ұстау: 1-екі қолды

алға ұстап, 2-екі қолды жоғары ұстау, 3-екі қолды жанға ұстау, 4-екі қолды

төмен түсіру.

2)       Н.т-екі қолды алға және артқа айналдыру

3)       Н.Т-екі қолды алға ұстап, оң аяқты сол

қолға, сол аяқты оң қолға қарама-қайшы көтеру.

4)       Н.т-екі аяқты иық тұсында ұстап, алға

иіліп көтеру.

5)       Н.т-екі аяқты алшақ ұстап, бір орыннан

отырып тұру.

 

6)       Н.т-екі қолды мықынға ұстап, отыру «Қаз»

жүрісімен 10 м. қашықтыққа жүру.

7)       Н.т-төменгі сөре; 15 м. қашықтыққа

жүгіріп өту.        12 мин.

2-реттен

4-реттен

4-реттен

10-реттен

10-реттен

1-рет

1-рет

Оқушыларды

спорттық киімін қадағалау

Жаттығуды

орындағанда екі қолың түзу ұстауына назар аудару.

Жаттығуды

орындағанда екі қолды түзу ұстауын қадағалау.

Жаттығу

кезінде тізені түзу ұстауын қадағалау.

 

Жаттығу

кезінде тізені бүкпеу керек

Отырғанда

екі қолды алға ұстап, тұрғанда төмен түсіруін қадағалау.

Кері

қайтарда екі аяқты алма кезек босатып, жайлап жүріп келу.

ІІ       Негізгі бөлім.

Допты

тура алып жүру әдісі.

1)       Допты орта деңгейде соғу.

2)       Тізерлеп оң және сол қолмен доп соғу.

3)       Допты тура алып жүру.

4)       Допты зигзаг тәрізді алып жүру.

Допты

алып жүргенде алға қарай илгере соғу керек, қол доппен бірге көтеріледі.

Саусақтар

арасы ашық болу керек, саусақты допқа тіке бағыттауға болмайды.

Ереже

бойынша екі жақты оқу ойыны.      30 мин.      

Жаттығудың

дұрыс орындалуын қадағалау.

Қауіпті

жағдайларға ұшырамауын бақылау.

ІІІ     Қорытынды бөлім

Сапқа

тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын бастапқы қалыпқа түсу.

       Сабақты қорытындылау.

       Үйге тапсырма беру.

       Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату.   3 мин.        

Оқушыларды

бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Гимнастика

Тақырып:

1. Акробатика: ұмтыла аунау, h 80-90 см қолға тұру

–аунау,басқа тұру , «көпір»жасау

2.Керме (ұлдар) .Кермеге асылып тұрып күшпен көтерілу

,таянып тұру Асылып тұрып артқа айналу

Тербелеп жасалатын жаттығулар ,асылып тұрып тербелеп

котерілу

3.Түрлі биіктіктері сырық: (қыздар) –асылып тұрып бір

аяқты сілтей ,екінші аяқпен итеріле айналып көтерілу,алға айнала «қарлығаш»

жасап бұрыла секіріп түсу.

Құрал-жабдықтар :керме,ағаш ат, түрлі биіктіктегі сырық

,т.б

Оқытумен тәрбиелеудің міндеттері : Қозғалыс қасиеттерін

дамыту

Мақсат:Оқушылардың денсаулығын нығайту

Сабақ түрі: түсіндіру ,көрсету,жетілдіру

Әдіс- тәсілдер : жалпы ,топтық, жеке

1        Сапталу.Амандасу.Сабақ

тақырыбын хабарлау.

Саптық жаттығулары .Жүру,жүгіру,жүріп,тұрып орындалатын

қозғалыс жаттығулар 2 мин

8 мин

2        Акробатика

–ұмтыла аунау,қолға тұру-аунау ,қолмен басқа тұру «көпір» жасау Һ-80-90 см

аунау. 15 мин 

3        Керме

–асылып тұрып күшпен көтерілу ,таянып тұру Асылып тұрып артқа айналу тербемен

алға артқа айналу. Асылып тұрып артқа айналу. 15 мин  

4        Түрлі

биіктіктегі сырық –асылып тұрып бір аяқты сілтей екінші аяқпен итере айналып

көтерілу ,жоғарғы сырыққа таянып тұру ,алға айнала төменгі сырыққа «қарлығаш»

жасау ,бұрыла секіріп түсу. 15 мин

5        Сабақты

қорытындылау 5 мин        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:                                                    

өткізілген күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Эстафеталық ойындар

Өтетін жері: Мектеп спорт залы

Сабақтың мақсаты:

1.Эстафеталық ойын түрлерін үйрету.

2.Оқушылардың шапшаңдылық дағдыларын жетілдіру.

3.Ойын арқылы балалардың дене қозғалысын қалыптастыру .

Сабақтың көрнеклігі: ысқырық, доп, эстафеталық таяқша,

секіртпе

жіп, қап

.

I.       Ұйымдастыру бөлімі. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші рапортын тыңдау.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық жаттығулары.

1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан

кейін солға бұрамыз (4рет). Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды

айналдырамыз.

2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып,

иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары

көтереміз (4рет).

3.Қолға арналған жаттығулар.

Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары

көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).

4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып

оңға(2рет), солға(2рет) иеміз. Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).

5. Аяқ жаттығулары. Қолымызды екі жаққа созып аяқ

өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет). Тепе-теңдікті

сақтап жоғары көтеріліп,қайта түсеміз(4рет).

 

II.Негізгі бөлім. Оқушыларды

бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа тез арада ат қойдыртамын.

Ойын шартымен түсіндіремін.

1.Секіртпе жіппен серіру.(скакалка)

Сөре сызығының бойында тұрған 2 команда ойыншылары

белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады.

Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.Қай

команда жылдам секіріп келсе,сол командаға(10ұпай), келесі командаға(5ұпай).

2.Доп ұру.

Командалардың бірінші ойыншылары ойынды бастайды.

Белгіленген жалаушаға барғанша,оң қолымен допты жерге соғып,ал келгенде допты

сол қолымен жерге соғып алып келеміз. Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы

ойынды жалғастырады.Қай команда бірінші келеді, сол командаға(10ұпай). Екінші

командаға(5ұпай).

3. Қаппен секіру

Кедергілердің арсынан қаппен секіру. Екі команда

ойыншыларының алдынан сөре сызығы сызылады. Топтың басында тұрған ойыншы

қапшықты киіп дайындалып тұрады.

Ойынның мазмұны: Жетекші белгі бергесін қап киген

ойыншылар жарысты бастайды. Ойыншы қаппен секіріп барып, қарсы тұрған қабырғаға

қолын тигізіп, бастапқы қалыпқа қайтып келеді. Қапшықты келесі ойыншыға шешіп

береді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Ойын ережелері:

1. Ойын тек белгі берілгеннен кейін ғана басталуы керек.

2. секіруші ойыншы міндетті түрде қабырғаға қолын тигізуі

керек.

3. Ойыншы секіріп өз орнына келгенше келесі ойыншыға сөре

сызығынан шығуға болмайды.

4.Қасықпен су тасу.

Өтетін орын, қажетті құралдар: спорт алан, 3 стакан

3шелек 3 қасық.

Ойынға дайындық:Үш команда ойыншыларының алдына сөре

сызығы сызылады. Топтың басында тұрған ойыншы дайын тұрады.

Ойынның мазмұны: жетекші белгі бергесін ойыншы шелектен

қасықпен су алып стаканға су құяды.

Ойын

ережелері:

1.

Бұл ойында тек белгі бергеннен кейін ғана бастауға болады.

2.

Қасықты қабылдамай тұрып ойыншыға сызықтан шығуға болмайды.

3.

Бір ойыншыда бір - ақ мүмкіндік болады

5.

«Кім жылдам»

Екі

оқушы шеңбердің ішіне жүгіріп келуі қажет.

6.Бос

орынды тап

Ортада

4 орындық тұрады .5 оқушы шығады. Музыка әуенімен билеп орындыққа үлгеріп отыру

керек.

III.Қорытынды

бөлім.

Оқушыларды

сапқа тұрғызамын. Тыныс алу жаттығуларын жасатамын. Қай команда жеңіске

жеткенін хабарлаймын.

ІV

Үйге тапсырма беру.

Эстафеталық

ойын түрлерін өз бетімен ізденіп,қалай ойнау керектігін біліп,үйреніп келу.

ІV

Бағалау. Ойынға жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.������� ��������� ������

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:                                                     өткізілген

күн;

 

Сабақтын тақырыбы:Жоғарыдан  екі

қолмен допты беру және тосу

Сабақтың

мақсаты:

1. Оқушыларды ойын арқылы ептілікке, батылдыққа,

шапшаңдыққа дағдыландыру.

2. Оқушылардың қимыл қабілетін дамыту.

3. Бірлікке, татулыққа, инабаттылықа тәрбиелеу.

Керекті жабдықтар: доптар, секіргіш, ысқырық,  секундамер, гимнастикалық орындықтар.

Өтетін орны: спорт зал

Дайындық

бөлімі:

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу,

сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

2. Саппен баяу жүгіру, оң жақ және сол жақ қырмен жүгіру,

артқа және алға қарап жүгіру, жүріп келе жатып арнайы жаттығулар жасау, оң қол

жоғарыда сол қол төменде, әр адамда қолды екі рет артқа қарай сілтеу, әр адымда

қолды аяқтың ұшына тигізу, қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, өкшемен жүгіру,

қолды белге қойып, аяқтың сыртқы қырымен жүру.

 

Негізгі

бөлім:

1. Сапқа тұрғызып оқушыларды үш топқа бөлу. Топпен

жаттығуларды жасау, қолды белге қойып 1-4 басты оңға қарай айналдыру. 5-8 басты

солға қарай айналдыру. Қолды кеуде тұсына ұстап 1-2 алға, 3-4 оңға бұрылып

қолды артқа сілтеу. Қолды белге ұстап 1-2 оңға денені бүгу, 3-4 солға денені

бүгу, бастапқы қалыпқа келу денені алға еңкейту, қолмен аяқтың ұшына тигізу,

қолды бүгу, сол аяқтың тізесін сол қолдың шынтағына тигізу, қолды бүгу сол

аяқтың тізесін оң қолдың шынтағына тигізу 6-8 рет жасау. Қолды белге ұстап екі

аяқпен секіру 6-8 рет жасау, қолды белге ұстап оң аяқпен сол аяқпен кезек-кезек

секіру 6-8 рет жасау, орында тұрып аяқты жоғары көтеріп жүру, бір  топ орнында тұрып пар-парымен жоғарыдан екі

қолмен доп беру және тосу. Жеке 2-3 жаттығу жасау, екі топ белтемірге, ұлдар

тартылу, қыздар белтемірге асылып аяқты тік көтеру 6-8 рет жасау, скакалкамен

10 рет секіру, 3-топ гимнастикалық скамейкада шалқадан жатып бір минутта денені

ұлдар 20 рет қыздар 10 рет ысқырық бергенде 1-2-3 топтар орындарымен ауысып

жаттығуларды қайталау, спорттық ойын ережесі бойынша ойнау 1-2-3 топтар

арасында жарыс.

 

Қорытынды

бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу, 2-3 рет саптық жаттығулар

жасау, сабақты қорытындылау, баға қою.

Үйге

тапсырма: Ұлдар кермеде

тартылу, қыздар шалқадан жатып денені көтеру.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 3905


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст