"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылғы «Айнакөл орта мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2020 жылғы «Айнакөл орта мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

«Айнакөл орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде/проактивті/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

 2020 жылы — 3 қызмет көрсетілді, оның ішінде 3 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.

2. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде

 2020 жылы — 3 қызмет көрсетілді, оның ішінде 3 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы ал 0 қызмет қағаз түрінде көрсетілді.

3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде

 2020 жылы — 3 қызмет көрсетілді, оның ішінде 3 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы ал 0 қызмет қағаз түрінде көрсетілді.

4. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны –  электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы — жылы өтініштер түскен жоқ.

5. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2020 жылы — жылы өтініштер түскен жоқ.

6. «Педагогтарға біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы — 1 қызмет көрсетілді, оның ішінде  мемлекеттік корпорация арқылы - 1.

7. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы — 13 қызмет көрсетілді, оның ішінде 12 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы, 1 -  қызмет қағаз түрінде көрсетілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Айнакөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

Айнакөл ауылы, Женис көшесі №6,,,Айнакөл орта мектебі" КММ, телефон нөмірлері 3-14-14.

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

№ п/п Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Атауы қызметтер Нысанын жүктеу Қызмет online
1 2 3 4 5
Жаңартылған күні: 23.02.2021 21:23
Құрылған күні: 09.02.2022 12:35

Текст