"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі" КММ «Ұлттық диктант» жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жобасы

17.10.2025

"Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі" КММ «Ұлттық диктант» жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 16 қазан 2025 жыл, сағат 13:00-де ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, жазу мәдениетін жетілдіру, ұлттық бірегейлікті және тілге деген құрметті арттыру.

Биылғы диктант мәтіні Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» мақаласынан үзінді алынды.

Бұл жоба – азаматтардың жазу сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық бастама болып табылады.

Қатысушылар саны:

                •             8 «А» сыныбы – 4 оқушы

                •             11 «А» сыныбы – 3 оқушы

                •             Қызметкерлер (жазбаша түрде) – 9 адам

                •             Қызметкерлер (онлайн түрде) – 1 адам.

Барлығы: 17қатысушы

Нәтиже:

Диктант барысында қатысушылар мемлекеттік тілде сауатты жазу, пунктуация мен орфографиялық нормаларды сақтау бойынша өз білімдерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар белсенділік танытты. Онлайн қатысушылар https://dictant.til.kz/ платформасы арқылы тапсырма орындап, Алғыс хаттармен марапатталды.

Қорытынды:

«Ұлттық диктант» жазу – тіл мәдениетін дамыту мен мемлекеттік тілге деген құрметті арттырудың тиімді жолы. Бұл бастама оқушылар мен қызметкерлерге тілдік бірегейліктің маңызын түсіндіріп, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.

 

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст