"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математикалық жарыстың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». 2-3 сынып

Математикалық жарыстың тақырыбы: 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

Математикалық жарыстың мақсаты:

Оқушылардың математика пәні бойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіреді, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және өз ойларын жеткізе білу.

Математикалық жарыстың түрі: Жарыс сабағы.

Көрнекіліктер: Плакаттар, криптограммалар, карточкалар.

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар! Бүгінгі 2-3 сыныбында өткізгелі отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! 
Көңілді тапқыштар мен білгіштер, 
Бар өнерін алдарыңа салады. 
Кім біледі? Көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады. 
 

Сонымен қарсы алыңыздар ең ақылды оқушылар! 
№ 1 Ойыншымыз Ая
-Ая өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің? 
- Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім. 
- Өте жақсы! 
№2 Ойыншымыз Ақниет
-  Ақниет есейгенде кім боласың? 
------------------------------------------------------------------- 
- Керемет! 
№3 Ойыншымыз Ақнұр
- Ақнұр , көңіл-күйің қалай? 
- Менің көңіл-күйім өте жақсы. 
- Тамаша! 
4. Ойыншымыз Асел
- Асел бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың? 
- Мен бос уақытымда ------------------------------------------

- Керемет! 
5. Ойыншымыз Нұрай
- Нұрай бүгінгі сайысқа келіп отырған қонақтарға не тілейсін? 
- Денсаулық, амандық тілеймін! 
- Тамаша! 
6. Ойыншымыз Әлия
- Әлия , сенің арманың қандай?

-----------------------------------------------

-Өте жақсы!





Мұғалім:

Біреуінің жүрегінің түгі бар 
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар 
Біреуінің күмбірлеген күйі бар 
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар. 
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп 
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп 
Дайынбысың жарысуға достарым 
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп, 
біз ойынымызды бастаймыз. 
- Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін: 
Алдымен екі топқа бөлінеміз «Алғырлар» және «Тапқырлар»
тақ сандар мен жұп сандар

Алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысатын «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы,әр топтың топ  басшысы  бар.

 

«Алғырлар» тобы тақ сандар

ұраны

Шаршы алаңға жарысқа

Шықты біздің тобымыз.

Жеңілсек те,жеңсек те,

Ашық болсын жолымыз!

 

«Тапқырлар» тобы жұп сандар

ұраны 

Құрметтеп бар ғылымды,ой-сананы

Тапқырлар тобы сәлем беріп қарсы алады

Сандар сырының құпиясы сайысында

Қашанда тапқыр болам деп ой салады!

 

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар!Бүгінгі математикалық жарыс ойынымызды  әділ бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Олар:1.Аутаева Айгуль Тулешевна

2.Куаншбекова Зайра Нұрымкашевна

 

Ойын 4 кезеңнен тұрады. 
І кезең «Арифметикалық жұмбақтар»

 ІІ кезең «Кім тапқыр?»

ІІІ кезең «Кім жылдам?»

 IY кезең  «Криптограмма»

Y кезең  «Тапқыр болсаң тауып көр» ".

 

Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! 
Біз ойынымызды бастаймыз. 

І кезең «Арифметикалық жұмбақтар»

 

1. Бір-бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (8)

2. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (6)

 

3. Түйе, бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)

 

  Көлден ұшты 50 қаз

  Қайтып қонды 20 қаз                      

  Қонбады оның нешеуі,

  Қане кім тез шешеді?    (30 қаз

 

   Аулада 60 үйрек,                                              11 түйе,бес жылқы.

   Қорада 20 үйрек,                                               2 сиыр,бір ешкі

   10 үйрек тығылды                                             2 қоян,үш түлкі,

   10 үйрек жығылды,                                           Болды сонда нешеуі?  (24)

   Қалғаны неше үйрек?    (70 үйрек)

         

          Табақта 55 алма                                             

           Қолымда 5 алма                                             

           Барлығын қосқанда                      

          Айтшы сонда нешеуі

           Болады неше алма?   (60 алма) 

 

Көл тоғанды қырға бар

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде

Отыр екен он жерде

Санап берші тырналар

Қанша болды ол жерде?(20)

         

ІІ кезең «Кім тапқыр?»

 

1)Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (5 бала).

2)Екі оқушы тоғызқұмалақ 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?(4)

3)Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

4)Ауылға бір кемпір келе жатты, оған қарсы екі кемпір шықты. Ауылға барлығы қанша адам келе жатты? (1)

5)Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса, бір бұтақ жетпейді. Ал, екі-екіден отырса, бір бұтақ артылып қалады.

Неше бұтақ, неше торғай бар? (3 бұтақ, 4 торғай).

6)Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

7)Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ? (50)

8)Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10 және 100).

9)Қайында 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма? (0)

10Су астында қандай тас жоқ? (құрғақ тас)

11)Төрт қойдың неше аяғы бар?(16 аяқ)

12).Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңщы біреуін атып алды, неше торғай қалды?(1-торғай)

 

 

 

 

ІІІ кезең «Кім жылдам?»

 

 

1). 1,2,3,4,5 цифрларының орнын ауыстырмай «-» және «+» таңбаларын пайдаланып мәні 54-ке тең болатын теңдік құрасты 

 

Шешуі: 12-3+45=54
 

2) 4 * 12 + 18 : 6 + 3 өрнегіне мәні 50-ге тең болатындай етіп жақша қой.


Шешуі: 4 * 12 + 18 : (6 + 3)

 

 

 

 

 

 

 

IY кезең  «Криптограмма»

Мұнда әр топқа бір–бірден криптограмма беріледі. Қай топ өздеріне берілген криптограммаларынан ең көп сөз тауып жазады, сол топқа ең жоғарғы 5 ұпай беріледі.

 


Ы


Ш


Е


Е


Ң


Д

 

Т


К


Ң


Т


Ө


Е


Л


Е


Б


Е


Р


У


А


Т


Ұ


Ш


Т


Б


С


К


Р


Ы


М


Е


А


Ү


Ы


Л


О


С


Н


Н


Ш


У


Д


А

 



Жауабы: алты,нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алым, алу,  сан, теңдеу, бес. Әр сөзге 1 ұпай

 

Y кезең  «Тез ойлан» ".

 

/1минут аралығында ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру, әр дұрыс жауап 1ұпай /

 

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)

2. 1 сағатта неше минут бар?(60)

3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)

4 .Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)

5.  Мектептегі 40 минут?(Сабақ)

6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)

7 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманыі мәні)

8. 3 пен 9-дың көбейтіндісі?(27)

9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)

10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)

 

1. Қосудың  нәтижесі қалай  аталады? (қосындының мәні)

2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)

3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)

4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қоссамыз)

5. Мектептегі 10-15  минут?(Үзіліс)

6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)

7. Бөлу амалының компанеттерін ата?(бөлінгіш, бөлгіш,бөліндінің мәні)

8. 3 пен 7-нің көбейтіндісі?(21)

9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)

10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)


Сайысымыз өз мәресіне жетіп келеді сөз кезегін әділқазыларға береміз.

 

Жүргізуші: Осымен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». ойынымыз аяқталды.Осы кештен көп әсер алды деп ойлаймын.Ойларыңыз толысып,матемтика саласында жетістікке жете беріңіздер.Зейін қойып,ойларыңызбен бөліскендеріңізге көп рахмет!

 

VI бөлім: Капитандар сайысы. Тез ойлау дағдысына арналған қызықты әзіл тапсырмалар ( Капитандар ортаға шығады)

 

1.Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады? (кесінді)

2.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады, ал 28 саны

қай айда кездеседі? Барлық айда

3.Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша

қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді
4.320 мен 1 дің көбейтіндісі қанша? (320)

5.Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)
6.Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара. (Жыл, ай, тәулік, күн мен түн).

7.0-ден бастап 5-ке дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең?

(0+1+2+3+4+5 = 15)

8.Балалар ән- би байқауы не деп аталады? ( «Айгөлек»)

9.Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда, берген жауабы мынадай:

«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.»

Қарияның неше ұлы, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)

10. Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа

қарай жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні болмайды)
11. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім

тоқтата алады? (Жол полициясы)
12.Саны мен әріп санының бір-бірімен сәйкес келетін екі санды атаңыз.

( жүз-100, миллион- 1000000)

Жаңартылған күні: 15.04.2021 14:26
Құрылған күні: 15.04.2021 14:26

Текст