03.12.2025
2025 жылдың 1–12 желтоқсан аралығында мектебімізде химия, биология және география пәндеріне арналған жаратылыстану-математика бағытының онкүндігі өтеді. Онкүндік аясында 5–11 сынып оқушыларына арналған танымдық, шығармашылық және ғылыми бағыттағы іс-шаралар жоспарланған.
Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және шығармашылық ойлауды жетілдіру.
Онкүндік жоспарына келесі іс-шаралар енгізілген:
Химия, биология және география пәндері апталығының салтанатты ашылуы (1 желтоқсан).
«География моего отдыха» фотобәйгесі (2 желтоқсан).
«Қайда ағады өзендер?» дидактикалық ойыны (3 желтоқсан).
«Көңілді тапсырмалар алаңы» зияткерлік сайысы (4 желтоқсан).
«Глобальные проблемы человечества» конференциясы (5 желтоқсан).
Сыныптан тыс «Менің Отаным – Қазақстан» іс-шарасы (8 желтоқсан).
Химия және география пәндерінен ашық сабақтар:
– «Ауа және оның құрамы. Жану» – 7 «А» сынып (9 желтоқсан),
– «Процесс горения» – 7 «Б» сынып (10 желтоқсан),
– «Көлдер мен мұздықтар» – 8 «А» сынып (11 желтоқсан).
«Геоклассики» ойыны және онкүндік қорытындысы (12 желтоқсан).
Барлық оқушыларды жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Онкүндік қызықты әрі пайдалы болатынына сенімдіміз!
📌 Жауапты мұғалімдер:
Қуанышбекова З.Н., Рахматулина Н.В., Асқар Аябота.