"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейбітшілік - біздің асыл құндылығымыз.

Талай жылдық соқпақты жолдан аман-есен өткен еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы жетістіктеріміз еселеп артып, қарқынды дамып келеді. Тәуелсіздік кезеңінде еліміз осы заманға сай дамып, барлық әлемді таңдандырып, тамсандырып, абыройы асқақтап келе жатқандығы баршамызға белгілі. Мұндайға біріншіден, халқымыздың татулығы мен бірлігі, екіншіден, әділ Көшбасшымыздың арқасында қол жеткізудеміз.
         Жан-жағымызға көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан, қанды қақтығыстарды басынан кешіруде. Көптеген елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып тозуда. Қаншама жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шегуде. Мұның себебі неде? «Бейбітшілік кеткен жерді, берекесіздік жайлайды»-деп бекер айпаған кезінде атам қазақ. Қазақ халқы да тағдырдың талай қатал сынын басынан өткерді. Соғыстар, қақтығыстар мен көтерілістер, оған қалды ашаршылық пен жұт, мұның барлығы  халқымыздың азып-тозуына әкеліп соқты. Дегенмен, «мың өліп, мың тірілген» ата-бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың нәтижесінде бүгінгі бейбіт аспанға қол жеткіздік. Негізі, бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – біздің елдің асыл қасиеттерінің бірі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар»-дейді біздің дана халық. Дана жұрт мұны тегіннен тегін айтпаса керек. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, өсіп гүлденуде.

           Олай болса, өнеге болар даңғылды өзгеден іздемей,  өзінше сара жол салған Қазақстанның жолы – бақытқа бастар тура жол!  Ұраны ұлттар достығын ұлықтаған, «Мәңгілік Елге» бағыт алған Қазақстан  бейбіт өмірдің берекесін тасытуда. Татулығы мықты, тұтастығы берік, 

бір шаңырақтың астында шаттығы мен шапағаты тасыған Қазақ елім, жасай бер, биіктей бер, шарықтай бер!    

 

 

 


Текст