Текст
Алдын алу – денсаулық пен қауіпсіздіктің кепілі! ️
Бұланды ауданы полиция бөлімінің ЖПҚБ бастығы, полиция подполковнигі Қаиржанов Е.С. және ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Уахитов Қ.А. 5–11 сынып оқушыларымен алдын алу бағытындағы кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы — жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу болды. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын тұтынудың зияны, оларды сақтау мен тарату үшін қарастырылған жауапкершілік туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында зиянды әдеттерге деген теріс көзқарас қалыптастыруға және құқықтық сананы дамытуға бағытталған.