" />
29.12.2025

Мектебімізде бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.
Бастауыш сынып оқушылары үшін ертегі кейіпкерлері қатысқан, ойындар мен сайыстарға толы Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Оқушылар тақпақ айтып, ән салып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Жоғары сынып оқушылары үшін шығармашылық нөмірлер мен музыкалық қойылымдардан тұратын Жаңа жылдық кеш өткізілді. Іс-шара достық әрі жағымды атмосферада өтіп, оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Аталған мерекелік шаралар оқу тоқсанын жарқын көңіл күймен аяқтауға мүмкіндік берді.
Мектеп әкімшілігі
«Астра» ЖШС басшысы Шарга Сергей Викторовичке
балаларға арналған Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар үшін
шынайы алғысын білдіреді.
Балаларға көрсеткен қамқорлығыңыз бен мерекелік көңіл күй сыйлағаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Сізге табыс, өркендеу және молшылық тілейміз!