Текст
09.01.2026
Ұлттық киім күні – рухани тәрбие негізі
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әр жұма күні Ұлттық киім күні өткізіледі.
Бұл күннің басты мақсаты – білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, халықтың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасына сүйіспеншілік қалыптастыру.
Әр жұма сайын оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, халқымыздың бай мәдениетін, әсем дәстүрін насихаттауға өз үлестерін қосады.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, рухани болмыстың көрінісі. Осындай тұрақты іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және ұлттық сана қалыптасады.











